Біз туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (ҚДСҰО). Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өндірістік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 63-тармағын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша «Қоғамдық денсаулықты басқару бойынша 2018-2021 жылдарға арналған шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР ДСМ-ның 2018 жылғы 18 мамырдағы №271 бұйрығын бекіткен. Жоспарда «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» (бұдан әрі – ДНЫМ) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жобасын енгізу жөніндегі іс-шаралар көзделген.
ДНЫМ - бұл мектеп, онда оқушылардың денсаулығын сақтау бойынша іс-әрекеті салауатты өмір салтын жүргізуге уәждеме қалыптастырады, білім беру міндеттерін толықтырады, олардың академиялық үлгерімін арттыруға ықпал ететін жеке және әлеуметтік дағдыларды меңгереді және бекітеді.
ҚДСҰО Қазақстандағы ДНЫМ жобасының ұлттық үйлестірушісі болып табылады. 2019 жылдан бастап еліміздің өңірлерінде ДДСҰ - мен бірлесе отырып, мектептерде денсаулықты нығайтудың жалпы мектептік тәсілдемесінің принциптерін көрсете отырып, еуропалық елдердің үздік тәжірибесі мен дәлелдеу тәжірибесін есепке ала отырып, техникалық кеңес беруді жүргізуді бастады.